Аргентина президенті 70 мың мемлекеттік қызметкерді жұмыстан шығармақшы

Аргентина
Фото: Gustavo Gavotti/infobae.com/

БУЭНОС-АЙРЕС. KAZINFORM – Аргентина президенті Хавьер Милей алдағы айларда 70 000 мемлекеттік қызметкерді жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы «La Politica Online» хабарлады.

«Біз 50 мың мемлекеттік қызметкерді жұмыстан шығардық, олардың келісімшарттары бұзылды. Біз тағы 70 мың мемлекеттік қызметкерді жұмыстан шығарамыз», - деді Аргентина президенті Латын Америкасы экономистерінің форумының жабылуында.

Басылымның жазуынша, үкімет 31 наурызда аяқталатын он мыңдаған «қажетсіз» келісім-шарттан бас тартқысы келеді. 2023 жылдың 27 желтоқсанындағы жағдай бойынша Аргентина үкіметі 2023 жылы жұмысқа қабылданған 5000-нан астам мемлекеттік қызметшінің келісімшартын жаңартпаған. Қалғандары 90 күн бойы тексерілді. Бұл шара заңмен белгіленген квота бойынша жұмысқа қабылданған немесе «жұмыс үшін маңызды» деп саналатын қызметкерлерге әсер еткен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 53 жастағы экономист Хавьер Милей Аргентинада президент сайлауында жеңіске жетті. Ол Орталық банкті жойғысы келетініне назар аударып, ұлттық валюта ретінде песоның орнына АҚШ долларын пайдалануды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар