Аргентина президенті криптовалюта төңірегіндегі жанжалға байланысты импичментке ұшырады
АСТАНА.KAZINFORM - Аргентина президенті Хавьер Милейге бағасы күрт құлдыраған белгісіз криптовалютаны насихаттағаны үшін импичмент жариялау талап етілді, деп хабарлайды Arise News-ке сілтеме жасап.

Хавьер Милей X парақшасында $LIBRA криптовалютасын қолдайтынын жариялады. Оның бағасы акциясы үшін 5 долларға дейін көтеріліп, бірнеше сағаттан кейін 1 доллардан төмен түсіп қалды. Бұл Хавьер Милейдің қаржылық алаяқтық жасады деп айыпталуына себеп болды.
Аргентинаның финтех палатасы бұл оқиға криптовалюта әзірлеушілер токен құнын жасанды түрде арттырып, инвесторларды шығынға ұшыратқан алаяқтық болуы мүмкін деген алаңдаушылығын мойындады.
- Бізді халықаралық деңгейде масқара ететін бұл жанжал президентке импичмент жариялау туралы өтініш беруімізді талап етеді, - деді оппозициялық коалицияның мүшесі, - депутат Леандро Санторо.
Өз әрекетін қорғаған президент криптовалютаға еш қатысы жоқ екенін айтып, жазбаны жойды.
- Мен жобаның егжей-тегжейін білмедім, оны білгеннен кейін оны бұдан былай жарнамаламауды шештім, - деді Хавьер Милей.
Айта кетейік, Қазақстанда 36 заңсыз криптоайырбастау пункті жойылды.