10:01, 20 Қараша 2023 | GMT +5
Аргентинада президент сайлауында оңшыл саясаткер Хавьер Милей жеңіске жетті

Оның қарсыласы — Экономика министрі Серхио Масса жеңілгенін мойындап, жаңа басшыға сәттілік тіледі.
«Әрине, нәтиже біз күткендей болмады. Хавьер Милейді құттықтап, оған сәттілік тілеу үшін хабарластым, өйткені ол — аргентиналықтардың басым бөлігі келесі төрт жылға сайлаған президент», — деді Масса.
Милей «АҚШ долларын қалдырып, ұлттық валюта- песодан бас тартуға» және «инфляция қатерлі ісігін» тоқтату үшін орталық банкті өртеп жіберуге шақырды.
Ол абортқа, атыс қаруын алып жүруге қарсылық білдіріп, Аргентинаның негізгі сауда серіктестері — Қытай және Бразилиямен қарым-қатынасты үзуге уәде берді.
Сондай-ақ әскери диктатура құрбандары көп болғанына күмән келтіріп, климаттың өзгеруі адам әрекетінен туындайды дегенді жоққа шығарды.