Аргентинада су тасқынынан 10 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Аргентинаның Буэнос-Айрес провинциясындағы Баия-Бланка қаласында су тасқыны болды. Бұл туралы Infobae хабарлады.

су тасқыны
Фото: infobae.com

Табиғи апат салдарынан он адам қаза тауып, 1,3 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір әскерилер жергілікті халыққа көмек көрсетуде, ал қала басшылығы жағдайды қиын деп бағалап отыр.

Су тасқынына кейінгі 24 сағат бойы толассыз жауған жаңбыр себеп болған. Оқиға салдарынан қалада байланыс пен электр қуаты үзілді. Төтенше жағдайға байланысты қала әуежайы жабылған. Қалаға баратын кейбір жолдар қатты зақымданған. Алдағы уақытта қалада жаңа найзағайлы фронт өтпек. 

Төтенше жағдайға байланысты ел президенті Хавьер Милей Баия-Бланкаға баруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Аргентинаның Вилья-Гессель қаласында (Буэнос-Айрес провинциясы) апартаменттік қонақүй орналасқан он қабатты ғимарат қирағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар