Аргентинаны бұрын-соңды болмаған аяз қысып тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинадағы Сан-Карлос-де-Барилоче қаласында рекордтық аяз тіркелді, деп хабарлайды ұлттық метерелогиялық қызметі. 
None
None

Термометр бағаны 25,4 градусқа дейін төмендеді, бірақ тұрғындардың сөзіне қарағанда, - 29-дан кем емес.

Метерологтардың сөзінше, температураның мұндай күрт төмендеуіне Аргентинаның ең танымал туристік орталығы болып есептелетін осы қаланы қармен құрсаулаған «Ғасыр бораны» себеп болды. Аяз жергілікті әуежайдың жұмысына нұқсан келтірді, 20 мыңнан астам адам жарықсыз қалды.

Мұның алдындағы аязға байланысты рекорд Барилочеде 1963 жылы болған еді. Онда ауа температурасы 21,1 градусқа дейін төмендеген.

Соңғы жаңалықтар