Арғын Нығматулинді іздеумен Антикор айналысып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше Арғын Нығматулинді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Арғын Нығматулинді іздеумен Антикор айналысып жатыр
Фото: Қарағанды облысының мәслихаты

— Қылмыстық-процестік кодекстің 186-бабы тәртібінде 7 желтоқсанда іс Бас прокуратураның өндірісіне берілді. Осыған байланысты біз тергеу барысына қатысты түсініктеме бере алмаймыз. Бірақ Әкімшілік-процестік кодекстің 65-бабының 1-бөлігіне сәйкес, іздестіру біздің құзыретімізде екенін атап өткім келеді. Аталған тұлғаны іздеу бойынша жедел шараларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр, жұмыс жалғасып жатыр, өзге ақпаратты жариялай алмаймын, — деді Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, аталған жайтқа қатысты артық ақпарат іздеудегі тұлғаның одан әрі жасырынып жүруіне әсер етуі мүмкін. 

Айта кетейік, 3 наурызда белгілі болғандай еліміздің прокуратура органдары бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялады

Интернеттегі мәліметтерге қарағанда техника ғылымдарының кандидаты Арғын Зайроллаұлының 20-дан астам ғылыми жұмысы, өнертабысқа арналған 3 авторлық куәлігі бар. Бірнеше орденмен және медальмен марапатталған. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болған.

Кейін Прокуратура органдарының бастама жасауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеу жариялаған Арғын Нығматулиннің үстінен қандай бап бойынша іс қозғалғаны мәлім болды

Соңғы жаңалықтар