17:30, 14 Ақпан 2016 | GMT +5
Архангельскіде 4 метрлік тереңдіктегі коллекторға түсіп кеткен бала құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай Мещерский көшесінде 17 үйдің маңында орын алды. Коллектордың маңынан өтіп бара жатқан әйел ашық құдықтан шыққан көмекке шақырған дауысты естіп қалады.

ТЖМ қызметкерлері келгенде баланың ойнап жүріп ашық жатқан құдықты байқамай, коллекторға түсіп кеткені анықталды. Бала төрт метрге тереңдікке құлаған. Коллекторда саты болмағандықтан, құтқарушылар өздерінің құрылғыларын пайдаланып, бірі құдыққа түсіп, баланы алып шықты.
Құтқарылған баланы дәрігер қарады. Оның сол аяғының терісі аздап қана жырылған.