Археологтар Пасха аралындағы цилиндрлердің құпиясын ашты

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Манчестер университетінің және Лондон университеттік колледжінің ғалымдары Пасха аралындағы тас мүсіндердегі (моаи) қызыл цилиндрлердің (пукау) қайдан пайда болғандарын түсінгендерін растайды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Колин Ричардс (Colin Richards) пен Сью Гамильтонның (Sue Hamilton) пікірінше, цилиндрлер ежелгі жанартаулардың қуысында орналасқан тастарды қашап әзірленген, одан кейін қызыл жанартаудың күлі төселген жолмен мүсіндерге қарай сырғытылып жеткізілген. Археологтар бір шеті еңістеу болып келген дәл осындай жолды аршып тапқан. Олардың пайымдауынша, құрылысшылар діттеген орнына апару үшін пукаулерді бөренелермен сырғытып жеткізетін болған.

Сью Гамильтонның дәлелдеуінше, арал тұрғындары кратерден алынған материалдардың үштен бірін цилиндр өндірісіне жұмсаған. Ғалымдардың жорамалдауынша, Пуна Пау тауындағы тастар бастапқыда мүсіндерді даярлауға пайдаланылған, тек содан кейін ғана оларды безендіруге «ауысқан», нәтижесінде моаилердің мөлшері ұлғая түскен. Пасха аралында барлығы 997 мүсін бар, ал салтанатқа арналған алаңдағы бастардың төбесіне қойылған цилиндрлер 200-ге де жетпейді. Пукауды қалайша көтергені және мүсінге жапсырғаны әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр.

Соңғы жаңалықтар