Архив құжаттарының 98 пайызы өрттен қорғалмаған ғимараттарда сақтаулы тұр

«Мемлекеттік архивтердің 97,8% құжаттардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасау бөлігінде заңнама талаптарына сай келмейтін ғимараттарда орналасқан. Бұл кейінгі ұрпақ үшін елдің мол мұрасын жоғалту қаупін туғызады», - делілген құжатта.
Министрлік мәселенің себебі ретінде жергілікті атқарушы органдар құзыретің жетпей отырғанын көрсеткен.
«Бүгінгі таңда республикалық бюджеттен өңірлерде мәдениет объектілерін салуға трансферт арқылы қаражат бөлінеді. Алайда, жергілікті атқарушы органдардың салалық заңда тиісті құзыреті жоқтығына байланысты оны мемлекеттік архив ғимаратын салуға және реконструкциялауға жұмсауға мүмкіндігі жоқ», - деп жазылған косультативтік құжатта.
Ведомство дерегіне сай, 2000-2018 жылдар аралығында ҚР Ұлттық архиві, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы және Қызылорда облыстарының архивтері замануи жабдықтармен қамтылған.
Сонымен қатар, осы аралықта барлығы 5 мұрағат нысаны пайдалануға берілді.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарындағы облыстық архивтердің негізгі ғимараты кеңейтілген.
Дегенмен бұл жұмыс жеткілікті көлемде құжат сақтауға мүмкіндік бермей отыр. Атап айтқанда, еліміздегі 13 облыстың мемлекеттік архивтері 100% толған.