Арина Туркинаны Германияда емдейді

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстандық журналист әйел Любовь Добротаның немересі Арина Туркинаны Германиядағы клиника емдеуге шақырып отыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Қазір денсаулығы ауыр жағдайда деп саналып отырған 2011 жылы дүниеге келген Арина Туркинаның медициналық құжаттары Педиатрия мен балалар хирургиясы ғылыми орталығында кезектен тыс қаралды. Сәбидің құжаттары бір мезгілде Ресей, Беларусь, Германияның клиникаларына қарау үшін жіберілді. Германияның клиникасынан шақыру келіп отыр», - делінген таратылған хабарламада.

Қазіргі уақытта келісімшартқа қол қойылып, емдеудің ақысы туралы мәселе шешілуде.

Соңғы жаңалықтар