«Ариран» корей әндері фестивалі өтті - Қостанай

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «Ариран» корей әндері аймақтық фестивалі өтті. Республикалық корей әндері фестивалінің өңірлік іріктеу сатысына корей ұлтының жастары қатысты.
None
None

Олардың арасында неміс қызы Адэлина Кеслер де бар. Ол корей әнін құйқылжыта орындады. «Мен корей сериалдарын жақсы көремін. Соның әсерімен корей мәдениеті мен тіліне қызықтым. Тілді интернет арқылы өз бетіммен үйренуге талпындым. Енді корей этномәдени орталығында корей тілі үйірмесіне қатысатын боламын. Қазір ән айта аламын», - дейді мектеп оқушысы Адэлина Кеслер.

Корей этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Марина Ляннің айтуынша, корей тілі мен мәдениеті тек корей ұлтының өкілдерін ғана емес, өзгелерді де қызықтырады. «Этномәдени орталыққа өзге ұлт өкілдері де келіп, тіл үйренуге сұраныс жасайды. Мәдениет пен өнерде шекара жоқ деген осы. Мысалы осы фестивальді ұйымдастырушылар арасында 3-4 кісінің ұлты корей емес. Онда тұрған ештеңе де жоқ. Достық көкжиегі кеңей түседі», - дейді ол. Фестивальде өз ұлтының әндерін құйқылжыта орындаған Виктория Каканова, Елена Ким, Мария Ким атты қостанайлықтар жеңімпаз атанды. Олар енді Алматы қаласында тамыз айында өтетін республикалық фестивальде бағын сынайтын болады, деп хабарлайды egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар