Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокатына қатысты сот талқылауы басталды

мұхамедиұлы
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен заңгеріне қандай айып тағылғанын айтты. 

«Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне пара берудегі делдалдық, ал адвокатына — аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген айып тағылды. Сот талқылауы кеше басталды. Сот актісі жарияланған уақытта ресми ақпарат қосымша ұсынылады», — деп жауап берді сот агенттік тілшісінің сауалына.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарына қатысты жаңа іс аясында сот талқылауы жалғасуда. Сотта екі эпизод — «Дипломат» қонақүйін тартып алу және «Алтын адам шеруі» көрмесін өткізу кезінде билігін асыра пайдалану, рейдерлік әрекет қаралып жатыр.

Былтыр 20 маусымда сот үкімімен А.Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 

 

Соңғы жаңалықтар