Аризона штатында азот қышқылы тиелген жүк көлігі аударылып қалды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Аризона штатының Тусон қаласына жақын маңдағы тасжолда азот қышқылы тиелген жүк көлігі аударылып қалды. Жол апаты салдарынан улы азот ағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Аризона штатында азот қышқылы тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Оқиға орнындағы жол бірнеше сағатқа жабылды. Штаттың қоғамдық қауіпсіздік департаменті оқиғадан 800 метр қашықтықта тұратын тұрғындардың қаладан кетуін сұрады. Ал жақын маңдағы тұрғындарды эвакуациялау басталды.

Ыдыс-аяқ немесе металл жабдықтарды жууға қолданылатын азот қышқылы жоғары коррозиялық химиялық зат, ол өкпе ісігіне, пневмонитке, бронхитке, тіс эрозиясына және көздің, терінің, шырышты қабықтың тітіркенуіне әкелуі мүмкін.

Видеодан алынған кадр