Арқалық қаласында ашылған Кəсіпкерлікті қолдау орталығында қызметтер тегін көрсетіледі

"Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Жолдауында 2030 жылы экономикамыздағы шағын жəне орта бизнестің үлесін 2 есе ұлғайту бойынша нақты міндет қойды. Осыған орай, ҚР Ұлттық кəсіпкерлер палатасы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанның барлық облыстарында кəсіпкерлікті қолдаудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Ашылып отырған орталық сол жұмыстың көрсеткіші", - деп атап өтті қала əкімінің орынбасары Ерлан Теменов.
Оның айтуынша, ендігі жерде бұл орталықта тұрғындарға кəсіпкерлікті ашу жəне жүргізу бойынша барлық қызметтер мен кеңестер тегін көрсетілетін болады. Жалпы алғанда, "бір терезе" қағидасы бойынша 20 түрлі қызмет көрсетіледі.