14:03, 07 Ақпан 2009 | GMT +5
Арқалық қаласының әкімі қаза болды
ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 7-сі. /Петр Плахотников/ - Кеше, ақпанның 6-да, Ақмола облысы аумағындағы Есіл стансысының теміржол өткелінде болған автокөлік апаты салдарынан Арқалық қаласының әкімі Амангелді Мұхитбеков қазаға ұшырады,

деп хабарлайды ҚазАқпапрат тілшісі.Әкімнің «Ниссан-Армада» көлігі Жақсы-Есіл-Бұзаулық тасжолы бойымен жүріп келе жатқан болатын. Кешкі сағат 21.30-дар шамасы кезінде теміржол өткеліндегі жанып тұрған тыйым салынған қызыл жарықты елемей, Есіл стансасына қарай жүріп келе жатқан локомотивтің алдын кесіп өтпек болған.Қатты болған соқтығысу салдары әкімнің көлігін апат орнынан 17 метрге дейінгі қашықтыққа лақтырып тастаған. Амангелді Мұхитбеков алған жарақатының ауырлығына байланысты оқиға орнында көз жұмды. Ал, көлік жүргізушісі ауыр хәлде Есіл қалалық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді.Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасының Ақмола облысы аумағында болғандығына байланысты, әкімнің қазасы туралы ақпаратқа түсінік беруден бас тартып отыр.