18:56, 09 Шілде 2010 | GMT +5
Арқалық-Шұбаркөл теміржолы құрылысының бағалау құны шамамен 100 млрд. теңгені құрайды - А.Мамин
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Арқалық-Шұбаркөл темір жолы құрылысының бағалау құны шамамен 100 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы Арқалық қаласында өткізілген кеңес барысында ҚТЖ президенті Асқар Мамин мәлімдеді.

«Біз бүгін Арқалық қаласын Шұбаркөл көмірімен қамтамасыз ету, осы арқылы жылу және электр қуатының тарифтерін азайту және стансыларды мазуттан көмірге ауыстыру мәселелерін талқылаған едік. Шұбаркөл мен Арқалық арасындағы ең жақын қашықтық - 248 километр. Бұл жоба қазіргі уақытта ең тиімді болып отыр», - деді Асқар Мәмин.
Оның айтуынша, теміржол құрылысының бағалау құны шамамен 100 млрд. теңгені құрайды.