Арқалықта 1,5 мың домбырашы бір мезгілде күй тартады

АРҚАЛЫҚ. ҚазАқпарат –Арқалық қаласында Домбыра күні мен Қала күніне арналған іс-шаралар аясында 1 шілдеде «Домбыраның күмбірі – бар қазақтың бірлігі» атты мерекелік шара өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Арқалықта 1,5 мың домбырашы бір мезгілде күй тартады

«Жігер» стадионында өтетін шара барысында түрлі жастағы 1500 домбырашы жеті күй орындайды.

Сондай-ақ облыстық көркемөнерпаздар ансамбльдерінің гала-концерті мен жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтеді.

Гала-концерттен кейін көрермендер қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт пен отшашуды тамашалайды.