Арқалықта қабір қоршауларын ұрлаған адам ұсталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалық полицейлері қабір қоршауларын ұрлаған ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақпаратты Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі растады.
«1 қыркүйек күні Арқалық қаласының тұрғындары зират қоршауларының ұрланғаны туралы хабарлады. Тергеу шаралары барысында күдікті қолға түсті», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Аталған факт бойынша Арқалық қаласы ІІБ ҚР ҚК 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.