Арқалықта өзіне өзі қол салған оқушы қатардағы отбасынан шыққан
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалықта 11 жастағы мектеп оқушысы капрон арқанға асылып қалды. Бұл ақпаратты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі растады.
ҚазАқпарат тілшісінің анықтауынша, өзіне өзі қол салған жасөспірім қатардағы отбасынан шыққан. Оның көпшіл, оқу үлгерімі жақсы, спортпен белсенді айналысатынын айтуда. Көршілері мен мұғалімдерінің айтуынша, отбасында айтарлықтай күрделі мәселелер болмаған.
Қаза болған күні ол сабақтан үйге келіп, жеке үй ауласында серуендеймін деп шығып кеткен. Біраз уақыттан соң, түскі асқа шақырып, іздеуге шыққан әпкесі оның асылып тұрғанын көрген. Бала денесінен ешқандай дене зақымдары табылмады.
Баланы өлімге итермелейтін ешқандай себеп болмаған бірақ бұл бап бойынша тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.