13:19, 25 Қараша 2011 | GMT +5
Әрқашан әділетті партия болып қалу - біздің басты борышымыз - Н. Назарбаев
ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Әрқашан әділетті партия болып қалу - біздің басты борышымыз.

Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі барысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
Партияның сайлауалды тұғырнамасының, Ұлттық іс-қимыл жоспарының теңдей авторлары «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған «Халық дауысы» акциясына қатысушылар болып табылады. Біздің партия - халықтық-демократиялық, өйткені ол барлық қазақстандықтардың мүддесін біріктіреді. Ендігі біздің басты борышымыз - әрқашан әділетті партия болып қалу», - деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.