Арман Әбеуов Қазақстан Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Подполковник Арман Сайлауұлы Әбеуов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: t.me/modgovkz

Арман Әбеуов 1982 жылы Жезқазған облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

Қарулы күштерде Қорғаныс министрлігінің спорттық-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығынан Спорт комитеті төрағасының орынбасарына дейінгі лауазымдардан өтті.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Арман Әбеуов – самбодан үш дүркін Әлем кубогының иегері, дзюдодан Азия чемпионы, самбодан, дзюдодан және қазақша күрестен он дүркін Қазақстан чемпионы.


Соңғы жаңалықтар