Арман Сәбитов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Арман Сәбитов тағайындалды.

Арман Сәбитұлы 1984 жылғы 20 сәуiрде Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және «Қазтұтыну» одағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі - қаржы және несие, құқықтану: экономика саласын құқықтық реттеу.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында «Азаматаудит» ЖШС аудитордың ассистенті болып бастаған.
Ал 2008-2012 жылдары жеке секторда басшылық қызметтер атқарды.
2011-2016 жылдары Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі, 2016-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2017-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, 2018-2019 жылдары Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды.
2019-2020 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2020-2023 жылдары Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымдарында еңбек етті.
2023 жылдың маусым айынан бастап 2025 жылдың 7 тамызына дейін Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Айдын Кәрімов тағайындалғанын жазған болатынбыз.