Армения 2024 жылы ҰҚШҰ қызметін қаржыландырудан бас тартатынын мәлімдеді

Армения
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің трансляциясынан кадр

АСТАНА. KAZINFORM – Армения 2024 жылы ҰҚШҰ-ны қаржыландыруға қатыспайды. Осы ретте Ереван ҰҚШҰ-ның 2024 жылға арналған бюджеті туралы шешімді шектеулі форматта қабылдауға қарсылық танытпайды. Бұл туралы Армения Армения Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян мәлімдеді. 

–  Армения Республикасы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2023 жылғы 23 қарашадағы «2024 жылға арналған ҰҚШҰ бюджеті туралы» шешіміне қосылудан және сол арқылы Ұйымның осы шешімде көзделген қызметін қаржыландыруға қатысудан бас тартады. Сонымен бірге Ереван бұл шешімнің шектеулі форматта қабылдануына қарсылық білдірмейді, - деді РФ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян.

Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатқанын мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар