Никол Пашинян Арменияның ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатуға қатысты пікір білдірді

Никол Пашинян прокомментировал «заморозку» участия Армении в ОДКБ
Фото: Армения үкіметі баспасөз қызметінің трнсляциясынан видео

АСТАНА. KAZINFORM — Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) аясындағы қызметін «уақытша тоқтату» саяси шешім екенін айтты. Ереван ҰҚШҰ серіктестерінен ұйымның Армениядағы жауапкершілік аймағы қай жерде екеніне жауап беруді сұрайды.

Никол Пашинянның айтуынша, егер ұйым оның жауапкершілік аймағын мойындамаса, Армения ҰҚШҰ-дан шығады. Бұл туралы Армения премьер-министрі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Саяси ұстаным мен шешімді заңды рәсімдермен шатастырудың қажеті жоқ. Иә, біз ҰҚШҰ аясындағы қызметімізді тоқтатып қойдық. Бұл біздің ұйымда өкілдің жоқтығын, отырыстарға қатыспайтындығымызды білдіреді», - деді Никол Пашинян.

Оның айтуынша, Ереван ҰҚШҰ серіктестерінен ұйымның Армениядағы жауапкершілік аймағы қай жерде екеніне жауап беруді сұрайды.

Никол Пашинянның айтуынша, егер ұйым өз міндеттемелерін орындамаса және оның жауапкершілік аймағын мойындамаса, Армения ҰҚШҰ-дан шығады.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян France 24 телеарнасына берген сұхбатында Арменияның ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатып жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар