Армения ЕАЭО аясындағы дәрілік заттар айналысының бірыңғай нарығына қатысатын болады - Сенат

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.
None
None

Аталған хаттама арқылы Армения Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге қосылатын болады. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінде дәрілік заттардың ортақ нарығын қалыптастыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Осыған орай, келісім ортақ нарық аясында дәрілік заттар аясының бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын белгілейді. Атап айтқанда, бірыңғай фармацевтикалық талаптар қойылатын болады. Екіншіден, дәрілік заттар клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтарына, зертханалық талаптарға сәйкес жүргізілетін болады. Дәрілік заттарды тіркеу және сараптау кезінде әсер етуші заттардың құрамы әртүрлі болатын дәрілерді бір ғана атаумен түрлеуге тыйым салынады.

«Келісім аясында мүше мемлекетте тіркелген дәрілік заттарды ЕАЭО аясындағы мемлекеттерде қайта тіркеуге де тыйым салынады. Сонымен қатар, бір мүше-мемлекетте жүргізілген клиникаға дейінгі және клиникадан кейінгі дәрілік заттардың сынақтары басқа мүше-мемлекеттер тарапынан мойындалатын болады. Ал дәрілік заттар ортақ нарық айналымына олар бірыңғай тәртіпке сәйкес тіркеуден өткенде және дәрілік заттардың тізіліміне енгізілген жағдайда енетін болады. Келісім аясында бірыңғай ақпараттық жүйе құрылатын болады»,- деді министр Т. Дүйсенова.

Парламент қабылдаған Заң енді Мемлекет басшысының қол қоюына жолданатын болады.

Соңғы жаңалықтар