Армения халқының үштен бірі Ереванда тұрады

АСТАНА. KAZINFORM – Армения Республикасы Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2025 жылдың 1 шілдесінде, елдің тұрақты халқының саны 3 млн 84 мың адам болды, деп хабарлайды Kazinfrom агенттігінің меншікті тілшісі.

Треть населения Армении сосредоточена в Ереване
Фото: factor.am

Жылдық өсіммен алғанда Армения халқының саны 27 мың адамға көбейді. Ел халқының 1 млн 974 мыңы қалада тұрады, 1 млн 109 мың адам ауылдық жерлерге қоныстанған.

Тұрғындар ең көп шоғырланған жер – ел астанасы Ереван. Онда 1 млн 143 мың адам тұрады. Бұл ел халқының 37,1 пайызы.

Әкімшілік аудандардың ішінде халық тығыз орналасқан жер 150,3 мың халқы бар Малатия-Себастия болып қалып отыр, ал халық ең аз орналасқан жер – 11,2 мың адамдық Нубарашен елді мекені.

Республика өңірлерінің ішінде халқы ең көп облыс – Котайк (294,9 мың), халқы ең азы Вайоц Дзор облысы болып отыр, мұнда 49,4 мың халық қоныс тепкен.

Осыған дейін Қазақстанда халық саны 20 095 963 адамға жеткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар