Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнады - Пашинян

АСТАНА.KAZINFORM - Вашингтонда қол қойылған үшжақты келісім Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнады деп айтуға негіз береді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Армения премьер-министрі Никол Пашинян айтты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Никол Пашинян
Фото: Armenpress

-Бүгін болған оқиға - тарихи оқиға. Бүгін бейбітшілік орнады және ол елдеріміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығы аясында орнады деп айта аламыз,- деді Пашинян.

Премьер-Министр аймақтық коммуникацияларды ашу аумақтық тұтастық, егемендік, юрисдикция және өзара құқық қағидаттары негізінде мүмкін болғанын атап өтті. Бұл Әзербайжанның негізгі аумағы мен Нахчыван Автономиялық Республикасы арасындағы кедергісіз қатынасқа, сондай-ақ екі тараптың барлық көлік бағыттарын, соның ішінде темір жолды тең шарттарда пайдалану құқығына қатысты.

Айта кету керек, үшжақты кездесу АҚШ-тың араласуымен ұйымдастырылды. Декларацияға қол қою рәсімінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армения премьер-министріне Дональд Трампқа Нобель бейбітшілік сыйлығын беру бастамасымен Нобель комитетіне ортақ үндеу жолдауды ұсынды.

Бұған дейін Армения мен Әзербайжанның бейбіт реттеу туралы бірлескен декларация қабылдағаны хабарланған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар