Армения мен Әзербайжан бейбіт келісімге қол қоюға ниетті
Армения СІМ басшысы Арарат Мирзоян АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің шақыруымен Вашингтонда өзінің әзербайжандық әріптесі Джейхун Байрамовпен кездесу өткізіп, екі ел арасында бейбіт келісім орнатуға дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Арарат Мирзоян АҚШ Мемлекеттік департаментінің Кавказ бойынша кеңесшісі Луис Бономен кездесуде осыған келісетінін айтты.
- Тараптар өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылыққа байланысты мәселелерді қозғады. Армения Әзербайжанның сыртқы істер министрімен Вашингтонда кездесу өткізу туралы АҚШ ұсынысына оң көзқарас танытты, - делінген хабарламада.
Жақында Әзербайжан Республикасының Президент Әкімшілігі мен Армения Республикасы Премьер-министрінің аппараты ортақ мәлімдеме жасап, екі ел де қарым-қатынасын реттеп, егемендік пен аумақтақ тұтастық принциптеріне негізделген бейбіт келісімге қол жеткізуге ниетті екенін растағанын айтты. Келісім аясында Баку 32 армениялық әскери қызметшіні, ал Ереван екі әзербайжандық әскери қызметшіні босатады. Тараптар екі ел арасындағы сенімді арттыруға күш салады. Бұл – Оңтүстік Кавказ өңіріне оң әсер ететіні сөзсіз.
Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы сенімді нығайту үшін негізгі үш бағытты қолға алу туралы келісімге қол жеткізілген.
Кеше Әзербайжан СІМ Арменияны бейбіт келісім орнату үшін келіссөзді жаңғыртуға шақырды.