Армения міндетті әскери қызмет мерзімін қысқартпақ

АСТАНА. KAZINFORM – Армения Қорғаныс министрлігі келісімшарт бойынша қызмет ететін жауынгерлер санын арттырып, міндетті әскери қызмет мерзімін қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

армия военные Армения
Фото: verelq.am

Армения Республикасының қорғаныс министрі Сурен Папикянның айтуынша, үкімет бағдарламасы аясында билік бес жыл ішінде келісімшартшылар санын көбейту арқылы міндетті қызмет мерзімін қысқартуға міндеттелген.

— Екінші құжат – армияны трансформациялау тұжырымдамасы, онда да осындай міндеттемелер бар. Бұл жоспарлаудың ұзақ мерзімді екенін көрсетеді деп ойлаймын, — деді министр.

Министр екі жарым жыл бұрын Армения парламенті міндетті әскери қызметтен кейін Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасуға мүмкіндік беретін заң қабылдағанын еске салды.

— Қазіргі уақытта «Отан қорғаушысы» бағдарламасы бойынша көптеген сарбаз өз тағдырын армиямен ұзақ мерзімге байланыстырады. Бұл сан бірнеше мың адамға жетті. Сондықтан армияны қысқартамыз деп айту қисынсыз, — деді Папикян.

Бұған дейін Арменияда мэрдің қамауға алынуы тәртіпсіздіктерге ұласқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар