Армения Палестинаны ресми түрде мойындады

АСТАНА. KAZINFORM – Армения Палестинаның тәуелсіздігін мойындады. Елдің сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Ереван халықаралық құқық пен халықтардың теңдігі, егемендігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын ұстанатынын растайтыны айтылған.

Флаг Палестина
Фото: Адлет Беремкулов / Kazinform

«Армения Республикасы Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға, еврей және палестиналық халықтар арасында тұрақты келісім орнатуға шын ниетпен мүдделі. Біз әртүрлі халықаралық платформаларда Палестина мәселесін бейбіт және жан-жақты реттеуді, Израиль-Палестина қақтығыстарын шешудегі екі мемлекеттің принципін қолдаймыз», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Армения басшылығы бұл қадам палестиналықтар мен израильдіктердің заңды тілектерін жүзеге асыруын қамтамасыз етудің жалғыз жолы екеніне сенімді екені айтылған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Словения Палестина мемлекетін ресми түрде мойындаған еді. 

Сондай-ақ Словения үкіметі де Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде тануға шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар