Армения президенті Ваагн Хачатурян Қазақстанға ресми сапармен келе жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения президенті Ваагн Хачатурян 15 қазан күні елімізге ресми сапармен келеді.

Ваагн Хачатурян
Фото: musavat.biz/ru

«Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланады», — деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар