Арменияда 2026 жылы Еуропалық саяси қоғамдастық саммиті өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Еуропалық саяси қоғамдастық саммиті Ереванда 2026 жылы өтеді. Бұл туралы Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

-2026 жылдың көктемінде Арменияда Еуропалық саяси қоғамдастық саммиті өтетінін қуана хабарлаймын. ЕСҚ көшбасшыларының барлығына осы маңызды шешім бойынша қолдау білдіргені үшін алғыс айтамын, -деп жазды, Армения премьер-министрі Никол Пашинян өзінің Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында.
Тағы бір сөзінде ол ЕСҚ саммитінің 2028 жылы Әзербайжанда өтетінін қолдайтынын жеткізді.
- Армения мен Әзербайжанның ЕСҚ саммитінің екі елде өтуіне өзара қолдау білдіргенін атап өту маңызды,- деді Никол Пашинян.
Еуропалық саси қоғамдастық (ЕСҚ) – 2022 жылы Франция президенті Эмманюэль Макрон ұсынған Еуропаның болашағы туралы саяси және стратегиялық пікірталас өткізетін алаң.
ЕСҚ елдерінің көшбасшылары Еуропаға қатысты стратегиялық мәселелерді талқылау үшін жылына екі рет саммит өткізеді.
Осыған дейін Армения парламентінің Еуропалық Одаққа кіру процесінің басталуы туралы заң жобасын мақұлдағаны туралы жаздық.