Арменияда архиепископ Микаэль Аджапахян екі айға қамауға алынды
АСТАНА. KAZINFORM – Армян апостолдық шіркеуінің Ширак епархиясының басшысы архиепископ Микаэль Аджапахян екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Анадолы агенттегі.

Бұл туралы оның адвокаты Ара Зохрабян арнайы мәлімдеме жасады.
– Сот тергеудің өтінішін қанағаттандырып, Микаэль Аджапахян екі айға қамауға алды. Шешім заңсыз және негізсіз. Қорғаушы тарап бұл шешімге шағымданады, - деді Ара Зохрабян.
Бұған дейін Загробян Аджапакянға Армения Республикасы Қылмыстық кодексінің 422-бабының 2-бөлігі бойынша айып тағылған еді.
Архиепископ өзіне тағылған айыпты мойындамады.
27 маусым күні таңертең Армения Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері архиепископты ұстау үшін Эчмиадзиндегі католикостың резиденциясына келгенімен, діндарлар мен діни қызметкерлердің қарсылығына тап болды.
25 маусымда Арменияның Тергеу комитеті «Қасиетті күрес» оппозициясының мүшелері Арменияда билікті басып алу үшін лаңкестік әрекеттер дайындап жатқанын хабарлады. Қозғалыстың жетекшісі архиепископ Баграт Галстанян мен оның жақтастарының үйлерінде ауқымды тінтулер жүргізілді. Сол күні кешке сот оларды қамауға алды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Армения Премьер-министрі Никол Пашинян елде билікті күшпен басып алу әрекетінің жолы кесілгенін айтқан еді.