Арменияда азаматтық алу мәселелері бойынша электронды жүйенің сынақ режимі іске қосылды
АСТАНА. KAZINFORM – Армения ІІМ Көші-қон және азаматтық қызметі 6 қазаннан бастап азаматтық алуға өтініш беру және оны тоқтатудың жаңа электронды жүйесінің тестілік режимін іске қосады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жаңа платформа 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап толығымен цифрландырылатын алдын ала тіркеу жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға арналған. Өтініштер тек электронды жүйе арқылы қабылданады.
Өтініш берушілер белгілі бір кезеңде құжаттардың түпнұсқасын сәйкестендіру және тексеру үшін Көші-қон қызметінің кеңсесіне баруы қажет.
6 қазаннан бастап пайдаланушылар онлайн-платформада тіркеліп, алдын ала өтініш жасап, сондай-ақ Көші-қон қызметіне 2026 жылдың 22 қаңтарынан кейін келу күнін таңдай алады.
Армения азаматтары авторизациядан ІD-карта және mID электронды қолтаңбасын пайдаланып «Я» ұлттық сәйкестендіру платформасы арқылы өте алады. Шетелдіктер, босқындар және азаматтығы жоқ адамдар міндетті түрде жеке басын куәландыратын құжат немесе жол жүру құжатының көшірмесі қоса берілген электрондық пошта арқылы тіркеле алады.
Мемлекеттік баж келу күні таңдалғаннан кейін 10 күннен кешіктірілмей төленуі керек. Олай болмаған күнде жазылым өшіріледі. Өтініш берушілер келген күні өздерімен бірге қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ала келу керек. Олар өтініштерінің түріне байланысты АР Конститциясы мен армян тілінен тетс тапсырады.
Осыған дейін Қазақстан мен Армения арасында виза режимі жойылатыны туралы жаздық.