Арменияда Еуропалық саяси қауымдастық саммиті өтеді

АСТАНА.KAZINFORM - Ереванда 2026 жылғы 4 мамырда Еуропалық саяси қауымдастықтың (ЕСҚ) VIII саммиті өтеді. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Facebook парақшасында жазды.

Арменияда Еуропалық саяси қауымдастық саммиті өтеді
Фото: verelq.am

– Мен Ереванға қатысушы елдердің әріптестерімді ресми түрде шақырдым. Олардың әрқайсысын қабылдау – мен үшін үлкен құрмет», – деп жазды Армения Үкіметінің басшысы.

Пашинянның айтуынша, алдағы саммиттің басты тақырыптарының бірі – өзара байланысты қамтамасыз ету болмақ. Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) жүзеге асыру, сондай-ақ Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия арасындағы тауар, энергия тасымалы мен талшықты-оптикалық байланыс мәселелері талқыланады.

– Келер жылы Армения Биологиялық әртүрлілік жөніндегі конвенция тараптарының 17-конференциясын (COP-17) қабылдайды. Сондықтан біз саммиті «жасыл» экономикаға көшу тақырыбын талқылауға алаң болады деп күтеміз. Бұл талқылаулардың қорытындылары кейіннен COP-17 барысында әлемдік деңгейде ұсынылады», – деді премьер-министр.

Айта кетейік, Әзербайжан мен Армения Даниядағы кездесуден кейін диалогты жалғастыруға келіскен еді.

Соңғы жаңалықтар