Арменияда Қазақстан елшілігінің бастамасымен ядролық қарусыздану тақырыбында конференция болып өтті - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 тамызда Ереван қаласында Армения Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің бастамасымен Ядролық қарусыздану. Армения мен Қазақстанның халықаралық аренадағы бірлескен күш-жігері» конференция өтті, сондай-ақ «АТОМ» жобасына арналған фотокөрме ұйымдастырылды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
None
None

Іс-шараға Арменияның мемлекеттік органдарының, академиялық және сарапшылық топтарының өкілдері, «Қазақстан достары клубының» мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынды ашқан Қазақстан Елшісі Айымдос Бозжігітов қатысушыларға жалпыға бірдей ядролық қарусыздану саласындағы қазақстандық бастамалармен таныстырды. Қазақстандық дипломат халықаралық «АТОМ» жобасын іске қосу туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы туралы конференцияға қатысушыларға ақпарат беріп, осы бастаманы қолдауға, сондай-ақ 2014 жылдың 29 тамызында сағат 11.05 минутта болатын ядролық сынақтардың құрбандарын еске түсіруге арналған «үнсіздік минутына» қосылуға шақырды. «АрМедиа» ақпараттық агенттігінің сарапшысы Наира Мкртчян тақырыпты дамытып, баяндама оқыды, делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар