Арменияда Конституцияны өзгерту бойынша референдум өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Армения Ұлттық жиналысы әзірлеген конституциялық реформалар бойынша елде дауыс беру басталды.
None
None

«РИА Новости» агенттігі хабарлағандай, Контитуцияға енгізілетін өзгеріс басқарудың парламенттік жүйесіне ауысуға негізделмек. Енді президенттік мерзім бестен жеті жылға дейін ұзартылмақ. Алайда, ел көшбасшысының өкілеттігі едәуір қысқаратын болады. Референдумның алдын ала деректерін дүйсенбі жергілікті орталық сайлау комиссиясы жариялайды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум