Арменияда жаңа температуралық рекорд тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Сенбі күні Армения астанасында метеобақылау тарихындағы ең жоғары ауа температурасы тіркелді. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Армения Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қарасты Гидрометеорология және мониторинг орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Арменияда жаңа температуралық рекорд тіркелді
Фото: Арменпресс

Синоптиктердің мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша шамамен 17:00-де Ереванда ауа температурасы +41,9°C-қа жетіп, 2000 жылы тіркелген алдыңғы рекордтан асып түсті — сол кезде термометр +40,8°C көрсеткен.

Аномальді ыстық тек ел астанасын ғана емес, басқа да елді мекендерді қамтыды. Бірқатар аймақта да тарихи максимумдар жаңартылды:

Арени – +42,6°C (алдыңғы рекорд: +40,0°C, 2011 жыл);

Арташат – +40,9°C (алдыңғы рекорд: +40,7°C, 2011 жыл);

Апаран – +33,5°C (алдыңғы рекорд: +32,2°C, 2000 жыл).

Бұған дейін еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар