Арменияның Ереван мемлекеттік университетінде жарылыс болды

Ереван мемлекеттік университетінің 1-ші корпусының ең төменгі қабатында өрт тұтанып, артынша жарылыс болды. Бұл туралы Kazinform «Арменпресс» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ереван университетіндегі жарылыс
Фото: armenpress.am

«Қазіргі уақытта өрт сөндірілді, тиіс амалдардың бәрі істеліп жатыр. Кейінірек біз қосымша мәлімдеме жасаймыз», - деді Мисакян.

Сондай-ақ ол өртке, болжам бойынша электр желісіндегі ақау себеп болғанын айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі жарылыстан зардап шеккендер бар екенін хабарлады.

Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендердің үшеуі ауруханаға жатқызылды. Оларға қажет медициналық көмектің бәрі көрсетіліп жатыр, науқастар тексерістен өтеді.

Алдын ала дерек бойынша, жарылыстан қаза тапқан адам бар. Зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Соңғы жаңалықтар