Арменияның ЕАЭО-тың экономикалық саясатына қосылуы ол үшін дамудың жаңа болашағын ашады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ереванда Еуразиялық экономикалық комиссия Арменияның Экономика министрлігімен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы өнеркәсіп ынтымақтастығының негізгі бағыттарын талқылау бойынша өнеркәсіп форумын өткізді. Пікірталас модераторы ЕЭК-ның өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені бойынша алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский болды.
None
None

Шараға ЕЭК-тың алқа мүшесі (министр) Роберт Арутюнян, Арменияның өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласында өкілетті министрліктерінің басшылары, сондай-ақ армян бизнес-қауымдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссиясының баспасөз қызметінен.

Форумның қатысушыларына құттықтау сөзінде ЕЭК-ның министрі Сергей Сидорский Еуразиялық экономикалық одақ туралы қазіргі келісімдегі мүмкіндіктердің оған қатысушы мемлекеттер үшін жаңа болашақты ашып отырғанын атап өтті. «Қазіргі уақытта тараптар және комиссия жасап отырған өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ЕАЭО аясындағы өнеркәсіп ынтымақтастығының стратегиясын бес жылға анықтап отыр. Бұдан басқа, құжат ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің өнеркәсіп кешендерін технологиялық дамыту саласындағы қойылған міндеттерге қол жеткізудің, кооперацияны тереңдетудің, одақтың жалпы нарығында өнеркәсіп тауарларымен импортты алмастыру, сондай-ақ инновация және өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспортын арттырудың механизмдері мен құралдарын қажет етіп отыр, - деді ЕЭК-ның министрі.

ЕЭК министрі Роберт Арутюнян өз сөзінде Арменияның ЕАЭО-тың толық мүшесі болып табылатынын, сондықтан армян бизнесі одақ органдары және бірінші кезекте ЕЭК үшін жұмыстық күн тәртібін анықтау мәселесінде мейлінше белсенді болу керектігін еске салды. «Арменияның ЕАЭО-тың экономикалық дамуына, сондай-ақ қазіргі кезде орын алған және ел экономикасы үшін сезілетін кедергілерге қатысты көзқарасын ұсынуы қажет. Елдің одақтағы өнеркәсіп кооперациясы және біріктіру процестеріне одан да толық тартылуы үшін нақты ұсыныстарды алға шығару керек. Арменияның ЕАЭО-мен жалпы шекараларының болмауы өнеркәсіп саласындағы кооперация жобаларын шығаруда да есепке алынуы тиіс, себебі тиісті жол инфрақұрылымының жұмыс жасауы машина жасау саласындағы кәсіпорындар мен елдің бұрын көш бастаған өнеркәсіптің өзге де секторларын қалпына келтіруге мүмкіндік береді», - деді Роберт Арутюнян.

Шараның қорытындылары бойынша форумның қатысушылары қабылдаған қарармен ЕАЭО аясындағы өнеркәсіп ынтымақтастығының негізгі бағыттары бойынша қарастырылған жобаға қолдау білдіріп, сондай-ақ ұлттық бизнес-қауымдастықтарына бұл құжатты қосымша пысықтап, комиссияға ұсыныстар жасауға кеңес берді.

Бұл күні ЕЭК өнеркәсіп және АӨК бойынша министрі Сергей Сидорский, ЕЭК министрі Ара Нранян және Арменияның Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гриша Багиянның жұмыс кездесу болып өтті.

Кездесу барысында әңгімелесушілер одақ елдерінің келіскен агроөнеркәсіп саясатын іске асыру аясындағы маңызды әлеуетті шараларды, соның ішінде негізгі ауыл шаруашылығы тауарлар бойынша бірлескен болжамдарды қалыптастыру, ауыл шаруашылығын қолдау саудасын бұрмалайтын көлемдерді есептеудің жаңа әдістемесін жасау, сондай-ақ жобалары жасалып, тараптар келісіп отырған тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығы салаларындағы салалық келісімдерді қабылдау, сияқты жұмыс бағыттарын талқылады.

«Бұл мәселелерді шешу барлық мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылық өндірушілері үшін одақтың жалпы нарығында тең бәсекелес жағдайлардың жасалуына, өзін-өзі қамтамасыз етушілік және экспортты дамыту деңгейін арттыру мақсатында бәсекеге қабілеттілікті және ауылшаруашылық өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді», - деп атап өтті Сергей Сидорский.

ЕЭК министрі Ара Нранян өз кезегінде армян компанияларының ЕАЭО елдерінің кәсіпорындарымен қауымдасуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, комиссияның армян кәсіпорындарына одақтық нарыққа тезірек интеграциялануына көмектесуге дайын екеніне сенімділігін білдірді. ЕЭК министрі Сергей Сидоркийдің агроөнеркәсіп саласындағы үлкен тәжірибесін атап өткен Ара Нранян армян мамандарының ЕЭК-тың салалық департаменттерімен белсенді өзара ынтымақтасу қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ 21 шілдеде Арменияға жасаған жұмыс сапарының барысында ЕЭК министрі Сергей Сидорский Армения Республикасының Экономика министрі Карен Чшмаритянмен кездесті.

Әңгімелесу барысында министрлер еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестерді жетілдіру мәселелерін, соның ішінде өнеркәсіп ынтымақтастығы саласындағы жетілдіру, армян өндірушілерінің одақтың салалық кооперациялық және импортты алмастыру жобаларына қатысуын кеңейту, армян өнеркәсіп өнімдерінің жалпы нарыққа жеткізілімдерін арттыру және Армения кәсіпорындарының басқа мүше мемлекеттердегі мемлекеттік сатып алуларға ұлттық қол жеткізу режимі қамтамасыз етілуін талқылады.

«Біз Арменияның мүше мемлекеттердің одақ аясында жүргізіп отырған үйлестірілген өнеркәсіп саясатына белсенді кіруі армян өнеркәсіп кешені үшін дамудың жаңа жолдарын, жалпы нарықтың жаңа мүмкіндіктерін ашатынына үміттенеміз», - деп атап өтті Армения Республикасына жасаған жұмыс сапарының қорытындыларын шығарған Сергей Сидорский.

Соңғы жаңалықтар