Әскерилер туннельде қалып қойған үнді жұмысшыларын құтқаруда

АҚШ-тан жеткізілген алып бұрғылау құрылғысы істен шыққан соң туннель үйінділері астында қалып қойған үнділік жұмысшыларды құтқару үшін әскери инженерлердің көмегі қажет болды. Кazinform агенттігі бұл туралы DW-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Туннель
Фото: Midjourney

Үндістанның Уттаракханд штатында 15 күннен бері опырылған туннель астында қалған 40-тан астам жұмысшыны құтқару операциясына армия қосылды.

NDTV телеарнасының жексенбі, 26 қарашада хабарлауынша, 24 қарашада АҚШ-тан жеткізілген алып бұрғылау құрылғысы істен шыққаннан кейін әскерилер көмегіне жүгінуге тура келді.

Құтқарушылар бұрғылау құрылғысының көмегімен зардап шеккендерге жету үшін ұзындығы 60 метр шұңқыр қазбақ болған. Бұл нысанаға дейін қалған 10 метрді енді әскери инженерлер қолмен бұрғылайды. Бақылаушылардың шамалауынша, жұмысшылар үйінділер астынан енді Рождество мерекесінен ерте шығарылмайды.

«Бұл операция ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Тауда жұмыс істегенде барлығын болжау мүмкін емес. Біз мерзімді ешқашан айтқан емеспіз», — деп түсіндірді Табиғи апаттармен күрес ұлттық басқармасының өкілі Сайед Ата Хаснайн.

Құтқарушылар арнайы бұрғылаған ұңғыма арқылы жұмысшылармен байланыс орнатты. Сол арқылы оларға азық-түлік, дәрі-дәрмек жіберілуде.

Бұған дейін құтқарушылар оларға 14 сағатта жетуді жоспарлағаны хабарланған болатын.
Еске сала кетсек, Каzinform агенттігі бұған дейін Үндістанда 40 жұмысшы құлаған туннель астында қалып қойғаны туралы жазған болатын

Кейін опырылып түскен туннельдің ішіндегі 41 жұмысшыға жету үшін құтқарушылар үйіндінің жартысына жуығын бұрғылағаны туралы хабарланды

Соңғы жаңалықтар