Армиямызда үлкен техниканы қойып, оқ-дәрі тапшы – Айгүл Құспан

АСТАНА. KAZINFORM – Қарулы күштерге бөлінетін қаражатты көбейтпесе Қазақстан армияcы тапшылықтан арылмайды. Мәжілістің [алықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында осындай пікір айтты.

айгүл құспан
Фото: Дамир Ерубаев

«Үлкен техниканы айтпағанда оқ-дәрінің өзі жетпей жатыр. Оларды біз Ресейден ғана сатып алушы едік. Олар қазір сатпайды. Сата алмайды да, өздеріне жетсе болды. Басқа елдерден сатып алу үшін ол оқ-дәрі біздің әскердің қолындағы қаруға сәйкес келуі керек. Одан кейін бағасы да әр түрлі. Мысалы, Түркиядан сатып алайық десек, қымбатқа түседі. Сондықтан өзіміздің әскери өндірісімізді дамытуымыз керек», - деді депутат.

Оның айтуынша, 30 жылдағы саясат армияның қуатын әлсіретіп жіберген.

«Өйткені біз 30 жыл жағамыз жайлауда жүріп, «Бізге ешкім тиіспейді. Сыртқы саясатымыз керемет. Бізде жау жоқ» деп ойлаған шығармыз. Одан кейін сыбайлас жемқорлық болғанын білесіз. Қорғаныс министрлігінің қаншама қызметкері ұсталды. Бұрынғы тәжірибені ұмытып қана қоймай, жаңа нәрселерді қабылдамадық. Сондықтан Қарулы күштерге ақша дұрыс бөлінбеді. Мен солай ойлаймын», - деді Айгүл Құспан.

Соңғы жаңалықтар