«Арна Медиа» холдингі басқармасының төрағасы Ерлан Байжанов: Нарық талаптары міндеттейді

АНА.  Қыркүйектің  15-і.  ҚазАқпарат - «Біздің мақсатымыз - холдинг  компанияларын техникалық жаңарту  және   коммерциялық тиімділігін арттыру   ғана  емес, сонымен бірге  сапалы ақпараттық  контент  қалыптастыру да», - деді   «Арна Медиа»  холдингі басқармасының төрағасы  Ерлан  Байжанов 
None
None

«Казахстанская  правда» газетінің бүгінгі нөмірінде  жарияланған     сұхбатында.

- Былтыр «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі құрылды.  Холдинг  мемлекеттік медиа  жұмысына қандай жаңалықтар  әкеліп  отыр?

- Дәлірек айтқанда,  құрылғанымызға  бір  жыл  бола  қойған жоқ.  Біздің жұмысымыз директорлар кеңесінің  бірінші  отырысы  өткен және  алғашқы шешімдер қабылданған     қарашаның 29-ынан  басталды  деп  санаймыз.

- Ол  шешімдер  қандай  болды?

- Стратегиялар  туралы. Холдинг  қызметінің  негізгі басымдықтары  бекітілді.  Біз   мемлекеттік  медианы   тек саяси  ресурс немесе  мемлекеттің идеологиялық   тетігі  ретінде ғана емес,  бизнес-активтер ретінде де  қарастыра   бастадық.  Оларды  экономикалық бәсекелестік тұрғысынан қарастырып, нарықта алатын  орындарын, маркетинг тиімділігін  бағалай бастадық. Бір сөзбен айтқанда, холдингтің    алғашқы  шешімдері  негізгі міндетке - мемлекеттік  бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстарына  корпоративтік басқару мен  стратегиялық менеджменттің    оңтайлы   моделін  енгізуге  бағытталды.

- Бұл қадамдар  газеттер  мен   телеарналар үшін қаншалықты маңызды?

- Бұл қадамдар  баспа станогы   ақшаны  да,   тиражды   да  керегінше  баса алатын    кеңестік  дәуірде     маңызды болған жоқ. Баспа  мен  телеарналарды   дотациялау   қағидасы  әлі күнге дейін сақталғанын айта кету керек,  әрине  түрлері өзгерген. Мемлекеттік  бұқаралық ақпарат  құралдары  мемлекеттік  тапсырыстың есебінен  тұрақты бюджеттік қолдауға   үйренген. 2001 жылдан бастап 2007 жылға  дейінгі аралықта  мемлекеттік  қаржыландыру  4 миллиард теңгеден 20 миллиардқа  жетті.   Және  бұл жағдай   жайбарақат бюджеттік  патернализмге  әкеліп тіреді.

Бірақ  дағдарыс  келді.   Әр  тиынды  санау және   қалай табыс табуды,  нарықта   қалай аман  қалуды  ойлау керек. Холдингке  кірген компаниялардың барлығы оған  қалай  қол жеткізуді білді  дей алмаймыз. Бірақ  біз өз компанияларымызға инвестициялық және  бюджеттік жоспарлаудың   негізгі тетіктерін,  қаржы  мәліметтерінің  транспаренттілігін,   сондай-ақ корпоративтік басқарудың  қажетті институттарын  енгізе алдық. Бұл - өте маңызды  нәтиже.

- Дағдарысты айтып өттіңіз.  Дағдарыс  холдинг компанияларына әсер етті ме?

- Біздің   негізгі  табыс көзіміз - мемлекетке  ақпараттық қызмет көрсету.  Ал   мемлекет - сенімді тапсырыс беруші.   Осының арқасында барлық  компаниялар  тұрақты  жұмыс істеуде. Дегенмен,   нарықты  зерттей бастады,    «көрпелеріне  қарай көсіліп»,    артық   шығыстардың барлығын  азайтты,  қысқартулар  жүргізді. Компаниялар топтары  бойынша жылдың  қорытындысы  бойынша  табыспен  шыққымыз  келеді. Холдинг   дер кезінде  құрылды,     дағдарыстың  әсерін   жұмсарта алдық.

Дағдарыс   жарнамадан түсетін   кірістерге  қатты соққы  болғанын   айту керек. Бұл нарық   іс жүзінде  40 пайызға басылып қалды,   ал  сарапшылар  жылдың  басында  құлдырау көрсеткішінің бұдан   аздау  болатынын  болжаған  болатын. Әсіресе  баспасөздегі    жарнамалардың  ауқымы   анағұрлым  қысқарды.   Холдингтің   мамандандырылған  сэйлс-хаусында  жарнамалық қызметтің шоғырлануының арқасында,  біз    орта есеппен   ширек көрсеткішке   құлдырауды   қарастырған  жоспарлы көрсеткіш  деңгейін  сақтап отырмыз. Біз  жарнамалық нарықтағы    ірі   ойыншыға айналып,   телеқаралымдағы үлесті   20 пайыз деңгейінде    мығым   сақтаудамыз.

- Теледидар  - жарнама берушілер  үшін ең  тартымды  медиалық    ресурс.  Мемлекеттік  телеарналардың  жұмысын  қалай бағалайсыз?

-  Жалпы алғанда,  оң бағалаймын.  Бұл бағалау   телеқаралым рейтингіне   негізделген.  Әсіресе, «Қазақстан»  телеарнасы   жақсы  ілгеріліп  отыр,  оның  рейтингі  3,5-інші орыннан 7 пунктке  дейін    өсті.     Ал  телеарнаның   жекелеген өнімдері   рейтингтің көш басына  шыға бастады.

«Ел Арнада» да ілгерілеушілік бар.  Бұл эфирде  бірнеше   тартымды  және  жаңа   бағдарламалардың пайда  болуының  нәтижесі.  «Ел Арна»  өз аудиториясын  белсенді  қалыптастырып  келеді, деуге  болады.

«Хабардың»  да аудиториясы  тұрақты. Телеарнаны    негізінен,  басты саяси жаңалықтарды  біліп отыру  үшін   мемлекеттік  қызметкерлер, саяси    элита    мен    үлкен   бизнес өкілдері    көреді. Біз  облыс орталықтарынан  тыс жерлерде тұратын     халықтың    іс жүзінде басымдық беретін   тележобаларын    анықтау  үшін,  халқының саны 50 мыңға жетпейтін     қалалардағы  аудиторияларды зерттеуге  арнайы  тапсырыстар бердік.   Бұл мәліметтер   біздің телеарналарымыздың   бағдарламалық саясатын   жақсартуға  көмектесетін болады.

- Өкінішке  орай,    біздің көрермендер  қазақстандық арналардан гөрі,  ресейлік арналарды көргенді   жақсы көреді.   Біздің телеарналарымыз танымал  болуы    үшін,  қандай істер  атқарылуда? Жаңа телемаусымда көрермендерді  нендей жаңалықтар  күтіп тұр?

- Біз үшін жаңа маусым  көктемде,  «Қазақстан»  және  «Ел Арна» телеарналары    жаңарып,    ондаған  жаңа бағдарламалар    пайда болған  кезде  басталды.

О бастан біз  арналарды  белгілі  бір салаға  мамандандыруға бағыт ұстадық.   Бұл біз ашқан жаңалық емес.  Мысалы,   ресейлік  Бүкілресейлік  мемлекеттік  телерадиокомпанияны  (ВГТРК)  алайық,   оның    бес телеарнасы бір-біріне  ұқсамайды.  «Вести-24»  жаңалықтар  арнасын  ақпараттық,     ойын-сауық,  білім  беру бағдарламаларын  араластыра   беретін әмбебап  «Россия» арнасымен    шатастырмайсыз.   Оған  қоса,     компанияға «Культура»  және  «Спорт»  телеарналары,   «Бибигон»  балалар арнасы кіреді.

Осындай тақырыптық  саралау  әр арнаға  өзінің    тұрақты  аудиториясына   ие болуға мүмкіндік береді. Біз де осы  бағытта  жұмыс  істеуіміз керек.  «Хабар» - ақпараттық арна  ретінде дамып,    жаңалықтар  мен сараптамалық бағдарламаларды  түрлендіруге       назар  аударуы  тиіс. «Ел Арна» -    көбіне  жастарға арналған   танымдық,  ойын-сауық арнасы.  «Қазақстан» арнасын    - көрермендері  де   ауқымды және әртарапты   қоғамдық  арна  ретінде көріп  отырмыз.

Күзгі маусымға қарай  біздің  арналар    ресейлік  және шетелдік  жаңа киноөнімдер  сатып  алды.  Фильмдердің басым бөлігі -   Қазақстан  телеэфиріндегі  премьералар.   Күзгі маусымда сондай-ақ,  «Қазақфильм» киностудиясының   жаңа  жобасы - «Еуразия келбеті» («Лики Евразии»)   деректі  топтамасының көрсетілімі басталады.  «Ел Арнада» «Ұлы Дала ойындары» деп  аталатын  тұңғыш    ұлттық жоба эфирге  әзірленуде.   Командалар  қазақ   халқының   түрлі көне  ойындарынан сайысқа түсетін болады. Сондай-ақ,  Қазақстанның Көңілділер мен   тапқырлар   құрамасының  қатысуымен «Хан of Дастархан»  жобасы    іске қосылады.  «Қазақстан»   телеарнасы сонымен бірге,   өз  тележобаларын    бастайды,    олардың ішінде  «Екі жұлдыз»,  «Ара»,  «Роза Рымбаева шақырады», «Сен  сұлу»,  «Ауыл»   сияқты  жобалар бар.

Футбол  жанкүйерлері үшін де жақсы жаңалық бар - «Арна  Медиа»  холдингі  «УЕФА Чемпиондар Лигасы»   мен  «УЕФА  Еуропа  Лигасы»    ойындарын тікелей көрсетудің   эксклюзивтік құқығын  сатып алды.     Еуропалық футбол  додасы    еліміздің    «Хабар»  және  «Қазақстан»  телеарналарынан көрсетілуде.

- «Арна  Медиа»  холдингі 2011 жылғы  қысқы Азиялық ойындардың  ресми  хабар таратушысы  болып  анықталып  отыр.  Осы бағытта  қандай істер атқарылуда?

- Біз  бұл жұмысқа кірісуге    баяғыдан  әзірміз.  Бірақ  әзірге  Ойынның Ұйымдастыру комитетінің атқарушы  дирекциясымен   қарым-қатынаста   нақтылық болмай  отыр. Мерзімнің бәрі өтіп кетті,   біз  әлі   хат  жазысып  отырмыз.

- Баспасөз   тақырыбына қайра  оралайық.  «Казахстанская правда»  газетінің дизайны  мен   «ҚазАқпарат»   агенттігінің   сайтындағы   өзгерістер  бірден көзге түсуде.  Бірақ бұл әзірге тек  сыртқы  өзгерістер,  ал  ішкі    мазмұнында жаңалықтар   бола ма?

- Біздің мақсатымыз - холдинг  компанияларын техникалық жаңарту  және   коммерциялық тиімділігін арттыру   ғана  емес, сонымен бірге  сапалы ақпараттық  контент  қалыптастыру, заманауи,    оқырман үшін    қызықты   контент  қалыптастыру.  Бізді  бұған    Президент  Әкімшілігі мен   біздің  жалғыз акционеріміз - Мәдениет және ақпарат  министрлігі  бағыттап отыр. Аудиторияны     Қазақстандағы және шетелдердегі саяси,  экономикалық,  қоғамдық  маңызды,   мәдени оқиғалар  туралы       бәрін қамтып, жедел және  жауапты  хабардар ету -   біздің  бұқаралық ақпарат құралдарымыздың алдына осындай міндет  қойып  отырмыз.   Және олардың  бұл  міндетті атқара алатынына  сенімдімін.

«ҚазАқпарат» агенттігі  жаңа ақпараттық  өнім    - инфографика жобасын   іске  қосты.  Бұл  ақпаратпен жұмыс істеудің    тиімді әдісі. Маңызды, бірінші  кезекте,   экономикалық  мазмұндағы    оқиғаларды қысқа  әрі  нұсқа таныстыра  отырып,   тұтынушыға ақпараттың   мол ағымында  мәліметті оңай  және   тез  ұғынуға  көмектесеміз.

Елдің әр өңірінде  болып жатқан оқиғалар туралы  ақпараттар   жиналатын      аймақтық жаңалықтар  таспасы сияқты     өнім    шығарылуда. Баспасөздің  дамуындағы заманауи  үрдістер сол, газет  үшін  басты   мәселе -  агенттіктер  мен  телеарналар  беріп қойған жаңалықтар  емес,    оқиғаларға  жасалған    сапалы талдаулар   болып табылады.   Газет    өз оқырмандарын   телеарналардан,    Интернеттен  қайтарып алуда      және  бұл   тартыста  оған  тек   тартымды контент қана көмектесе алады.

Реті келгенде  айта кету керек,   біз   басылымдардағы халықаралық   тақырыптарды  арттыруды   жоспарлап отырмыз. Бірақ біз  халықаралық  журналистердің өте зәру болып отырған жайымыз бар.

Мемлекеттік  газет -  оқырманға  мемлекеттік  органдардың  жұмысының  мән-жайын  ашатын,  билік  дәлізіндегі күнделікті   жөн сілтеуші. Күн сайынғы жөн сілтеуші.  90-шы жылдардың күрделі кезеңдерінде  «Егемен  Қазақстан» мен   «Казахстанская  правда»  газеттері  аптасына  4 рет қана шығуға мәжбүр болған еді. Енді  олар   қалыпты     режимге  оралуы  керек   деп санаймын,   алдымен - 5 реттік,  кейіннен, қаржылық  жағдайы  реттелген  соң,  аптасына  - 6 рет    шығулары  тиіс.  Елімізде      күн  сайын  жеткілікті   елеулі оқиғалар  болып жатыр,  олар   баспасөз беттерінен  тыс қалмағаны жөн.

- Холдингтің  алдағы жоспарларына  тоқталсаңыз?

- «Арна Медиа»  компаниялар  тобында «дью-дилидженс» амалы іске  қосылуда,  оның  қорытындысы  бойынша  біз  компанияларымыздың   нарықтық құнының  объективтік  бағасын,    тәуекелдерге  жасалған   терең талдаулар,   медиа-активтерді  дамыту  жөніндегі  ұсыныс-кеңестер   алатын боламыз.  Бұл - холдингті  дамытудың стратегиялық  перспективасы тұрғысынан өте  маңызды    мәселе.

Қолымыз жетпей  жатқан, әлі  игерілмеген   бағыттар  да бар.  Радиостансыларда,  «Қазақ газеттері» компаниясына кіретін,  сондай-ақ «Жас өркен»  балалар басылымдары  тобына кіретін     қазақ тілді  газеттер  мен журналдардың   сегментінде  өзгертулер   жасауға   дайындық жасалып жатыр.

Сандық теледидар  енгізу    мәселесі  де - жеке тақырып.    Холдинг  Хабар  таратудың   сандық  технологиясын     енгізу  және     дамыту   тұжырымдамасын    ұсынып  отыр,  оны жүзеге асырудың кешенді  жоспары  да  әзір.  Өкінішке  орай,  дағдарыс   жағдайында  ол жобаны    толықкөлемді   бюджеттік  қаржыландыруға  әзірге мүмкіндік болмай отыр. Дегенмен,    біз оны    несие немесе  инвестициялық ресурстардың  есебінен   жүзеге асыруға болады деп  санаймыз.

Еліміздің   барлық аумағын,  оның ішінде  алыс  және  кішігірім елді мекендерді,  отандық   телебағдарламалармен,     шетелдік телеарналардың танымал   топтамаларымен  қамтамасыз  ету  үшін, ағымдағы  жылы  біз   жерсерік арқылы тікелей хабар  тарату  жобасына кіріскелі  отырмыз.  Ол үшін  біз  «Қазтелерадио»  және  «КАТЕЛКО»    телекоммуникациялық  бағдарламаларымыздың    ресурстары мен  тәжірибелерін  біріктіретін   боламыз.

Хабар таратудың сандық   жобасы жиілік  ресурстарын босатады,    жалпы  теледидар нарығын  кеңейтуге негіз  болады. Жаңа телеарналар   құру мүмкіндіктері  пайда  болады.  Келешекте біз жаңа арналар - балалар, мәдениет,   спорт, анимациялық   арналар    ашқымыз келеді.

Баспасөз өнімдерін  бөлшек  сату  және  дистрибуция   нарығына     шығудың   да мүмкіндіктерін зерттеудеміз.   Бұл  жерде басылымдарды    басу, жеткізу және  тарату мәселелерін кешенді   шеше алатын және  тек  қана мемлекеттік басылымдарды ғана емес,        баспа  үйлерінің  желілерін  құру  туралы сөз болып отыр.

Жоспарлар көп және олардың  барлығы    қазақстандық медианарықтың   сапалық    өсуіне   және оның бәсекеге қабілеттігін арттыруға   бағытталып  отыр.  Мұның  бәрінің  жетістігінен  әрбір   қазақстандық ұтатын болады.

Соңғы жаңалықтар