Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда тамақтану нормалары кеңейтіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Жоспарланған өзгерістер тамақтану саласындағы заманауи ғылыми ұсыныстарды ескере отырып, Қазақстан тағамтану академиясымен бірлесіп әзірленді және АӘҚ қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіруге және жаңартуға бағытталған. 

тамақтаун
سۋرەت: istockphoto.com

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн ұйымдарда қызмет көрсетiлетiн адамдардың табиғи тамақтану нормаларының тiзбесiне өзгертулер енгiзудi жоспарлап отыр. Басқарма басшысының тиісті бұйрығының жобасы туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

— Жоспарланған өзгерістер тамақтану саласындағы заманауи ғылыми ұсыныстарды ескере отырып, Қазақстан тағамтану академиясымен бірлесіп әзірленді және АӘҚ қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіруге және жаңартуға бағытталған.

Тізімді жаңарту тамақтану сапасын жақсартады және АӘҚ алушылардың денсаулығын нығайтуға оң әсерін тигізеді. Витаминдер мен минералдармен байытылған, сондай-ақ тағамдық құндылығы жоғары өнімдердің алуан түрлілігіне ерекше назар аударылады, — делінген хабарламада.

Бұйрық жобасы туралы ақпарат 2025 жылғы 11 тамызға дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылды. 

Соңғы жаңалықтар