Арнаулы өкіл қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен кездесті

ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, Қызыл­орда облысы әкімінің орынбасары Сәбит Қожа­метов жергілікті қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдар, дәстүрлі діни орта­лық­тар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

-Арнаулы өкіл басқосудағы негізгі мақсат ортақ мүддеге сай бірлескен қимылдың қарқынын күшейтіп, бір арнаға тоғыстыру екенін атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта ай сайын тұрғындармен екі рет кездесу өткізіліп, оларды толғандырып жүрген мәселелердің талқыға түсетіндігіне тоқталды.

Төретам кенті мен Ақай ауылындағы ардегерлер кеңесінің төрағалары Әділхан Өтепбергенов, Жаңаберген Аманжолов және басқалар ұтырлы ұсынысты қуана қолдап, ең алдымен жыл сайын қатары қалыңдаған көшіп келушілердің арасындағы жұмыссыздықты азайтудың жолдарын қарастыру керектігін алға тартты.

Соңғы жаңалықтар