Арнайы операция барысында қылмыстық топтың 30 мүшесі қолға түсті

ҚР ҰҚК
Фото: ҚазАқпарат

Ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұстауға бағытталған арнайы операция барысында қанша адамның қолға түскені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Бас прокуратура, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Ішкі істер министрлігі бірігіп жүргізген арнайы операция барысында ұсталғандар саны 30 адам болып отыр.

Биылғы жылдың қыркүйек айында ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері Маңғыстау облысында тұрғындардан ақша бопсалаумен айналысып жүрген қылмыстық топ мүшелерін ұстағаны белгілі. Сондай-ақ олар комитет қызметкеріне шабуыл жасаған.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау операциясы әлі жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар