Арнайы комиссия өткен жылы «Абай» шахтасында болған қайғылы оқиғадан кейін қауіпсіздікті күшейту жөніндегі жұмыстарды тексереді

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Абай» шахтасында өткен жылы орын алған апаттың себептері мен жағдайын зерттеумен айналысқан үкіметтік комиссияның берген кеңестері бойынша іс-шаралардың орындалу барысына сараптама жасау үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен арнайы комиссия құрылып отыр.
None
None
ҚазАқпарат тілшісіне Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарланғанындай, арнайы комиссия өз жұмысына қаңтардың 12-сінде кіріседі.Комиссияға Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Серік Ахметов жетекшілік етпек. Комиссия құрамына министрліктің, көмір департаментінің өкілдері, барлығы 11 адам кірген. Комиссия жұмысын қаңтардың 16-сында аяқтауы тиіс.Осыдан бір жыл бұрын, 2008 жылы қаңтардың 11-інде «Абай» шахтасында болған жарылыс 30 адамның өмірін қиған еді. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша әлі 23 кеншінің мәйіті табылған жоқ. Үкіметтік комиссия қауіпсіздік техникасын күшейту, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу және өндірісті жаңғырту жөнінде бірқатар шараларды анықтаған болатын. Енді арнайы комиссия жоғарыда аталған шаралардың қалай жүзеге асырылып жатқандығын анықтауы тиіс.
Соңғы жаңалықтар