Арнайы операция: 282 кг есірткі тәркіленіп, 59 адам ұсталды

АСТАНА. қазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз айналымнан 282 келі есірткінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арнайы операция: 282 кг есірткі тәркіленіп, 59 адам ұсталды
«2022 жылғы шілде мен қазан аралығында 36 есірткіге қарсы, оның ішінде ресейлік, өзбекстандық және қырғызстандық әріптестестермен бірлескен операциялар өткізілді.11халықаралық және 14 аумақтық есірткі трафигінің арналары жойылды. Синтетикалық есірткі өндірумен айналысатын 4 жасырын лабораториясының іс-әрекеті бейтараптандырылды. Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымдарының 59 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 282 келі есірткі, оның ішінде 32 келі героин, 11 келі апиын, 60 келі синтетикалық есірткілер, 156 келі марихуана, 22 келі гашиш алынды. Сонымен қатар айналымнан 861 «экстази» таблеткасы және психотроптық заттарды әзірлеуге арналған 3 тоннадан аса химиялық реагенттер шығарылды», - делінген хабарламада.

Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы тұру бойынша іс-шаралар жалғасуда.