17:25, 19 Тамыз 2023 | GMT +5
«Арселор Миттал Теміртау» қаза тапқан шахтерлердің аты-жөнін жариялады
ШАХТИНСК. ҚазАқпарат – «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы қаза тапқан кеншілердің аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, 222 адам жер бетіне шығарылды, үш адамның мәйіті табылды.
«Үлкен өкінішпен, қайғымен мезгілсіз кеткен әріптестеріміз туралы хабар береміз:
1. Стешин Денис Геннадьевич, 1978 ж.т., 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Бургун Виктор Сергеевич, 1966 ж.т., 5 разрядты жерасты электр шебері, еңбек өтілі 39 жыл;
3. Слюньков Виталий Владимирович, 1965 ж.т., жерасты электр шебері, еңбек өтілі 39 жыл;
Екі шахтерды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі сәтте тау қазбасында іздеу бойынша қосымша жоспар жасалып жатыр», - деп жазылған хабарламада.