АрселорМиттал активтері Қазақстанға толық қайтарыла ма
АрселорМиттал компаниясымен келісім үзілгеннен кейін елімізге қандай активтер қайтарылатыны айтылды, деп хабарлайды Kazinform.

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа «АрселорМиттал» компаниясымен келісім үзілгеннен кейін Қазақстанға қандай активтер өтеді?" деген сауал қойды.
«Қазақстанда АрселорМиттал компаниясы активтерінің барлығын қалдыру мәселесі туралы сөз қозғалып жатыр. Бұл болат, көмір және кен департаменттері. Сондай-ақ, әлеуетті транзакцияның периметріне еңбек өндіретін Ақтау қаласындағы құбыр зауыты біздің еншімізде қалады. Яғни біз Қазақстандағы АрселорМиттал компаниясының толық активтері туралы айтып отырмыз», - деп жауап берді министр.
Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал компаниясы Қазақстанды сотқа беруі мүмкін бе?" деген сауалға жауап берген еді.
Айта кетейік, Костенко шахтасындағы апат кезінде қайтыс болған кеншілердің жалақысы айтылды.